Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Департамент туралы ереже

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаменті туралы

 ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент:

1) Транзитті дамыту басқармасы;

2) Көлік логистикасын дамыту басқармасынан тұрады.

 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

5. Міндеті: Қазақстан Республикасының қабылданған халықаралық міндеттемелерін есепке ала отырып және экономикалық мүдделерін негізге ала отырып, транзитті дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру және оны кейіннен іске асыру.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде халықаралық ұйымдармен және халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамыту бойынша жаңа мүмкіндіктерді зерделеуге қатысу;

2)  Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың, тұжырымдамалардың және іс-шаралар жоспарларының жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

3) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өтетін транзиттік дәліздердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларды талдау және әзірлеу;

4) транзит саласының ағымдағы жағдайы туралы ақпаратты, сондай-ақ құрылған және құрылатын халықаралық көлік дәліздері бойынша ақпаратты алуда Қазақстан Республикасының көлік-коммуникациялық кешенінің бірлестіктеріне, кәсіпорындары мен ұйымдарына жәрдем көрсету;

5) транзит саласында қол қойылған халықаралық (мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық) шарттар мен келісімдердің орындалу мониторингі, оларды іске асыру мәселесі бойынша әріптес мемлекеттердің тиісті министрліктері және ведомстволарымен өзара іс-қимыл;

6)  Министрліктің мүдделі бөлімшелерімен бірлесіп Еуропа-Азия бағытында бірыңғай транзит жүйесін құрудың халықаралық инвестициялық мегажобасын іске асыру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу;

7) транзиттік тасымал саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді қамтамасыз ету және Министрліктің құрылымдық бөлімшелері әзірлейтін нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу;

8) Министрліктің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп, халықаралық көлік дәліздері, транзиттің дамуына байланысты конференциялар, кеңестер мен келіссөздер ұйымдастыру және өткізу;

9)  Еуразиялық экономикалық одағының шеңберінде келісімдерді әзірлеуге қатысу;

10)  кедендік рәсімдердің өзгертілуін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақты есепке ала отырып, шекарада немесе елдің ішінде және транзит үшін қолайлы жағдайын талдау.

6. Міндеті: Экономика қажеттілігінің сұранысын қанағаттандыруға бағытталған Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

Функциялары:

1)  Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесін дамыту бойынша жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

2) Министрліктің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп, көлік логистикасының дамуына байланысты конференциялар, кеңестер мен келіссөздер ұйымдастыру және өткізу;

3) көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптарды әзірлеу және бекіту;

4) көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптардың сақталуына мониторингті жүргізу;

5) көлік логистикасы саласындағы ғылыми зерттеулер тақырыбы бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

6) көлік логистикасы саласындағы халықаралық, мемлекетаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу және Республиканың мүддесін көлік-коммуникация кешенінің транзиттік мүмкіндіктерін одан әрі дамыту және толығымен пайдалану мақсатында мүдделігін білдіру;

7) көлік логистикасы саласындағы қызметті қамтамасыз ететін және реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

8) жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен көлік логистикасы саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

9) әр түрлі халықаралық ұйымдардың жаһандық индексі мен талдамалық материалдарын, оның ішінде Логистиканың тиімділік индексі (LPI) және басқа елдермен салыстырғанда ҚР логистикалық және көліктік жүйесі жұмысының тиімділігін бағалау үшін Дүниежүзілік банктің бизнесті жүргізу индикаторын зерделеу;

10)  «шығын» (тауарларды халықаралық жеткізуді ұйымдастырудың қарапайымдығы), «кедергі» (жеткізу мерзімін сақтау), сенімділік (жеткізілімдердің барлық тізбектерінің ұзақтығындағы тауарларды қадағалау мүмкіндігі) көзқарасы тұрғысынан жеткізілімдердің тізбектер логистикасының тиімділігін арттыруға әсер ететін ұсыныстарды әзірлеу;

11)  шекараларды басқару рәсімдері бойынша қолданыстағы практиканы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды және олардың жеткізілім тізбегіне және логистика тиімділігіне әсерін әзірлеу;

12)  Қазақстан Республикасының көлік логистикасының негізгі бағыттарын дамыту, сондай-ақ көлік логистикасы саласындағы халықаралық көпжақты шарттарға қосылу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

13)  Қазақстан Республикасы аумағындағы көлік-логистика орталықтарының, құрғақ порттарының қызметіне талдау жүргізу, және жергілікті атқарушы органдармен бірге олардың тізбесін құру;

14)  Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен көлік логистикасы мәселелері жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша жұмысқа қатысу;

15)  Қазақстан Республикасының көлік логистикасын дамытуға инвестициялар тарту бойынша жұмысқа қатысу;

16)  Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасында аралас тасымалдар және көлік логистикасын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер бойынша ұсыныстар мен жобаларды әзірлеуді қамтамасыз ету;

17)  Қазақстан Республикасындағы аралас тасымалдар мен көлік логистикасын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді іске асыруға, сондақ-ақ олардың үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкестігіне мониторингті жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

18) Мемлекеттік бағдарламалар мен өзге құжаттардың шеңберінде көлік логистикасы жүйесіндегі инвестициялық жобалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы көлік-логистика орталықтарының және елден тысқары сыртқы терминалды қуаттардың дамуы бойынша жобалардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

19) Көлік логистикасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша ұсыныстар енгізу және халықаралық уағдаластықтардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

7. Құқықтары мен міндеттері:

7.1. Департамент:

1) Басшылықтың тапсырмасы бойынша өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, халықаралық ұйымдарында және шет мемлекеттерде Министрлікті білдіруге;

2) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарының өкілдерімен кездесулер және келіссөздер өткізуге;

3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен және көлік-коммуникация ұйымдарынан өз функцияларын іске асыру үшін қажетті материалдар, қорытындылар және ақпараттар сұратуға;

4) белгіленген тәртіппен бірлескен үкіметаралық комиссиялар отырыстарына және көлік логистикасы мәселелері жөніндегі халықаралық іс-шараларға қатысуға;

5) бірлескен үкіметаралық комиссиялар отырыстары мен халықаралық іс-шаралар қорытындылары бойынша Министрліктің басшылығына тиісті ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындауды жүзеге асыруға;

6) Министрліктің басшылығынан және құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінен отандық және шетелдік делегацияларымен кездесулер мен келіссөздер бойынша ұсынымдары және қорытындылары бар есептер мен хаттамаларды сұратуға және алуға;

7)  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

7.2. Департаменттің міндетіне мыналар кіреді:

1) Министрлік басшылығына Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына, жоғары және басқа да мемлекеттік органдардың кеңестеріне Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;

2) Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды.

 

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

8. Департаменттің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттігі бар.

9. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.

10. Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылық етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады.

11. Департамент директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы және штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

12. Директор осы мақсатта:

1) Департаменттің құрамына кіретін Басқармалар басшыларының, өзінің орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2)  Департаменттің құрамына кіретін  Басқармалар туралы ережелерді бекітеді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенті актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

13.  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент директорының орынбасарлары болады.

14.  Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттігі шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезеңде Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

15. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал болмаған жағдайда оның орнын алмастыратын адам қол қояды.

16.  Департамент директоры, оның орынбасары және басқарма басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын сақтауға жеке жауапты болады.

17.  Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілген олардың лауазымдық нұсқаулықтарында белгіленеді.

Жарияланған: 09.07.2015
Жаңартылған: 25.01.2017
© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаменті